Русский Сайттың толық нұсқасы

Australian Open 2025 турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілер анықталды

  • AstanaTV
  • 26 желтоқсан 2024
  • 160

Үш қазақстандық теннисші Australian Open 2025 турниріне қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды. Қазақстанның атынан үш теннисшісі жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов. Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов голландиялық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисі болған.

Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Индия) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.

Айта кетейік, Australian Open 2025 турнирі 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.