Русский Сайттың толық нұсқасы

Лаңкестік әрекет жасап, шетелде тығылып жүргендер азаматтығынан айырылады

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2017
  • 4012

Лаңкестік әрекет жасап, шетелде тығылып жүргендер азаматтығынан айырылады. Тиісті заң жобасын Мәжіліс мақұлдады. Сондай-ақ мемлекеттің өмірлік маңызы бар 16 түрлі мүддесіне нұқсан келтіргендер де азаматтықпен қош айтысады. Олар билікті күшпен тайдыру, геноцид, экоцид, мемлекетке сатқындық жасау, әскери жағдай кезінде жасалған қылмыс, қарулы көтеріліс, сепаратистік әрекет. Азаматтықтан айыру нормасы тек шетелге қашқандар үшін қолданылады. Ал Қазақстанда тұратын азамат террористік әрекетке барса, түрмеге отыратыны белгілі.

Конституциялық өзгеріс ретінде қабылданған тағы бір нормаға сай, Қазақстанда Президенттікке үміткерлер бұдан былай өз кандидатурасын ұсына алмайды. Енді тек тіркелген саяси партия мен қоғамдық бірлестік мүшелері ғана жарысқа түсе алады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ