Русский Сайттың толық нұсқасы

ТМД елдері арнайы қызметтерінің басшылары терроризммен күрес мәселелерін талқылады

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2017
  • 3021

Лаңкестікпен және трансшекаралық қылмыспен күресті қалай тиімді етуге болады? Бұл мәселе Бішкекте өткен ТМД елдеріндегі арнайы қызмет органдары басшыларының кеңесінде талқыланды. Жиналғандар заңсыз көші-қонға қатысы бар азаматтар туралы ақпарат алмасуда кездесетін қиындықтарға баса мән берді, деп хабарлайды Интерфакс. Мәселе Сирия мен Иракқа барып, ДАИШ құрамында джихадқа қатысатын ТМД азаматтарында болып тұр. Олардың лаңкестік әрекетінен соң емін еркін елдеріне келіп, теріс үгіт-насихат жүргізетіндері тағы бар. Тараптар, халықаралық жиындардың, әсіресе спорттық шаралардың қауіпсіздігіне баса мән беру керек, деді.

Айгүл ӘДЕПБАЙ