Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанаға қоныс аудармас бұрын, баспана мәселесін ойластырып алу қажет - С.Ахметов.

  • AstanaTV
  • 24 мамыр 2017
  • 2723

Астанаға қоныс аудармай тұрып, баспана мәселесін ойластыру қажет. Мәжіліс депутаты халыққа осыны ескертті. «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына келгендердің бірі Айнұр Назарованың жұбайы көз жұмып, 5 баланың жауапкершілігі мойнына артылған. Жертөледе тұрып жатырмын деген ол соңғы үмітін арқалай келген. Жас отбасы санаты бойынша кезекке тұрғанына 3 жыл өтсе де, еш жылжымай қойды,- дейді.

Айнұр Назарова, көп балалы ана:

Тұрып жатқан жеріміздің бәрі сырость. Балалар бірінен кейін бірі ауырып жатыр. Ең кішкентайы 5 жаста. Ол аурушаң болып жатыр. Квартираға көшейік деп звондасаң, болады дейді. Бірақ, қанша бала деп сұрап, бесеу дегенде, бәрі шошиды. 

Депутаттың қабылдауына азаматтар негізінен үй, жалақы мәселесімен келген. Сапар Ахметовтің айтуынша, барлық өтініштер қабылданып, заң аясында шешіледі. Ал Астанаға қоныс аудармас бұрын, өңір тұрғындары барлығын алдын ала жоспарлап алуы тиіс, - деді мәжілісмен.

Сапар Ахметов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» фракциясының мүшесі:

Барлығын ойлап, ана жақтан үйін сатқанда, бірінші қай жерде тұрамын, қай жерде жұмыс істеймін, қандай жағдайда өмір сүремін дегенді ойлап, зерттеп барып, шешім қабылдау керек.