Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда дарынды балаларға арналған мектеп-интернатты 50-ге жуық түлек бітіріп жатыр

  • AstanaTV
  • 25 мамыр 2017
  • 8890

Бүгін мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Алматыдағы 60 жылдық тарихы бар Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын биыл 50-ге жуық жас түлек бітіріп жатыр. Олардың 25-і - "Алтын белгіге" үміткер. 30 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардан жүлдемен оралған.

Бұл мектеп - республикадағы дарынды балалардың басын қосатын бірден бір мекеме. Бұл ұяда барша қазаққа танымал композитор Кеңес Дүйсекеев, генерал-лейтенант Әділ Шаяхметов сынды бірегей тұлғалар білім алған. Қазақ тілі мен әдебиетін тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ретінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келген мектепті соңғы он жылда «Дарын» республикалық орталығы қамқорлығына алды. Білім ұясы балаларды арнайы конкурспен қабылдайды. Қазір мұнда 300-ден астам  оқушы білім алады.

Мұхтар Ыбырайымов, Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры:

Әр жылы бітірген түлектер дәстүрлі түрде мектепке келіп тұрады. Биыл да 20 жылдық, 10 жылдық, 5 жылдықты бітірген түлектеріміз келді. Өздерінің алтын ұя мектебіне, өздерінің інілеріне, қарындастарына сыйлықтарын табыс етіп жатыр. Ұстаздарына құрмет көрсетіп жатыр. Міне, осының бәрі - мектептен алған білімі, тәрбиесі деп, қуанышпен айта аламын.