Бүгін
мектептерде соңғы қоңырау соғылды. Алматыдағы 60 жылдық тарихы бар Абай
атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернатын биыл 50-ге
жуық жас түлек бітіріп жатыр. Олардың 25-і - "Алтын белгіге" үміткер.
30 оқушы халықаралық және республикалық олимпиадалардан жүлдемен оралған.
Бұл
мектеп - республикадағы дарынды балалардың басын қосатын бірден бір мекеме. Бұл
ұяда барша қазаққа танымал композитор Кеңес Дүйсекеев, генерал-лейтенант Әділ
Шаяхметов сынды бірегей тұлғалар білім алған. Қазақ тілі мен әдебиетін
тереңдетіп оқытатын мектеп-интернат ретінде ұзақ жылдар бойы жұмыс істеп келген
мектепті соңғы он жылда «Дарын» республикалық орталығы қамқорлығына алды. Білім
ұясы балаларды арнайы конкурспен
қабылдайды. Қазір мұнда 300-ден астам
оқушы білім алады.
Мұхтар
Ыбырайымов, Абай атындағы республикалық дарынды балаларға арналған мектеп-интернат директоры:
Әр жылы
бітірген түлектер дәстүрлі түрде мектепке келіп тұрады. Биыл да 20 жылдық, 10 жылдық, 5 жылдықты бітірген түлектеріміз келді. Өздерінің
алтын ұя мектебіне, өздерінің інілеріне, қарындастарына сыйлықтарын
табыс етіп жатыр. Ұстаздарына құрмет көрсетіп жатыр. Міне, осының бәрі - мектептен алған білімі, тәрбиесі деп, қуанышпен айта аламын.