Қызылжарда көзіне пышақ кірген баланың ісі басқа бапқа ауыстырылды. Енді бұл іс “абайсызда нұқсан келтіру” бағыты бойынша қаралмақ. Еске салайық, өткен айда үйдің ас бөлмесінде орындықтан құлаған сәбидің көзіне пышақ кіріп, бас миының ортасына дейін жеткен. Анасы пышақты суырып алып шыққан соң, бала талып қалған. Ізінше ауруханада дәрігерлер мидың үшінші бөлігі зақымдалғанын анықтады. Алайда, науқастың пышақ кірген көзі аман қалған көрінеді. Қазір бүлдіршін балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде жатыр. Ақхалаттылар оның жағдайын әлі күнге дейін ауыр деп бағалап отыр.
НҰРБЕК БАЕКИН, СҚО ПД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ:
Аталған факті бойынша кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбилеу жөнінде міндеттерді орындамағаны бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 2024 жылдың 25 желтоқсанында қвлмыстық іс денсаулыққа абайсызда зиян келтіру бойынша қайта сараланды. Қазіргі уақытта тергеу жүріп жатыр.