Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада "Еңбек" кәсіпорынының басшылары пара алды деген күдікке ілінді

Астанада ІІМ-нің лауазымды басшылары пара алды деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі хабарлады. Антикордың мәліметінше, "Еңбек" кәсіпорынының басшылары мемлекеттік сатып алу шарттарын жасасқаны үшін және орындалған жұмыстар актілеріне қол қойғаны үшін кәсіпкерлерден жүйелі түрде пара алды деген күдікке ілінген. 

ДАНИЯР БЕГАЙДАРОВ, ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Соттың санкциясымен күдіктілер қамауға алынды. Тергеу жалғасуда. Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.