Русский Сайттың толық нұсқасы

Қостанайда қылмыстық топқа қатысы бар полицейлер ісі бойынша сот басталды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2017
  • 2412

Қостанай соты құрамында полиция қызметкерлері бар ұйымдасқан қылмыстық топтың ісін қарауға кірісті. Экс-полицейлер Ресейде қымбат көліктердің ұрлануы бойынша қылмысқа қатысы бар деп айыпталды.

2015 жылы құрылған топта  6 адам болған. Артур Қалиев жетекшілік еткен қылмыстық топ ұрланған көліктер үшін жасанды құжат жасап, шанақ нөмірін өзгертіп отырған. Ал, ішкі істер бөлімінің автоинспекторлары Ерқанат Әбдікеров пен Есімжан Төкешев көліктерді тіркеуге қоюға көмектескені үшін сотқа тартылып отыр. Іс материалына сәйкес, ұйымдасқан топ 1 жыл ішінде тоқсанға жуық көлікті заңсыз сатып, түскен қаражатты өзара бөліскен.

Нино Капанадзе, Қостанай облыстық прокуратурасының аға прокуроры:

Әбдікеров, ұрланған көлікті заңсыз тіркеу үшін, көлікті көрместен, жалған  құжаттардың  негізінде қарау актісін жасап, қылмыстық әрекетін жүзеге асырған. Автокөлікті бөтен бір азаматтың атына тіркеген.