Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында жылу желілерінің 79 пайызы тозған

Павлодар облысында жылу желілерінің 79 пайызы тозған. Бұл көрсеткіш әсіресе, Екібастұз қаласында байқалады. Мұнда тозу деңгейі 89 пайызға жеткен. Ал Ақсуда 59 пайыз. Өңірде жалпы ұзындығы 1438 шақырым жылу құбыры бар. Өткен жылы оның 31,3 шақырымы толықтай жаңаратылды. Бұған қазынадан 21 млрд теңге жұмсалған. Аймақтағы үш қалада 9 шақырым 4 жылу магистралі салынды. 

БҰХАРЗАДА МҰХТАР, ОБЛЫСТЫҚ ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ БАСҚАРМАСЫ ЖЫЛУМЕН ЖАБДЫҚТАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ:

Жүргізілген жөндеу науқаны жылу желілерінің тозуын 80,5 пайыздан 79,7 пайызға яғни, 0,8 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Осы жобаларды іске асыру он мыңдаған тұрғынды сапалы жылумен қамтамасыз етуге тікелей әсер ететінін ескере отырып, жылу магистралінің құрылысын жылу маусымы аяқталғанға дейін аяқталды.

Десе де, инфрақұрылымның тозу көрсеткішін бірден төмендету мүмкін емес. Сол себепті жөндеу жұмыстарын кезең кезеңімен жасау жоспарланып отыр. Биыл 18,9 шақырым болатын жылу құбыры жаңартылады. Бұған 25,5 млрд теңге бөлінбек. Ал 2029 жылға дейін 82 шақырым желіні ауыстыру көзделіп отыр.