Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты

  • AstanaTV
  • 09 қаңтар 2025
  • 190

Павлодарлық хирургтер қыздың асқазанынан уыс шаш алып шықты. Ота бір жарым сағат уақытқа созылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Жедел жәрдем жасөспірімді шұғыл түрде тамақ ішкеннен кейін іштің ауыруы, құсу, асқазан аймағында ісік пайда болуы шағымдармен облыстық балалар ауруханасына жеткізді. 10 жасар қыздың асқазан-ішек жолдарында уыс шаш табылды.

– Асқазан мен он екі елі ішектен тамақпен араласқан шаш уыс алынып тасталды, – деді хирург Әсем Дәулетова. – Ота тұрақты және асқынусыз өтті.

Отадан кейін баланың жағдайын тұрақтандыру үшін оны реанимация бөліміне бірнеше күнге жатқызды.

Мұндай трихобезоар – органдарда шаштың жиналуы – созылмалы күйзеліске ұшыраған немесе витамин тапшылығы бар адамдарда пайда болуы мүмкін.

Психолог Айнагүл Шүкірованың пікірінше, балалардың мұндай мінез-құлқының басты себебі – жақындарынан алыстау, қорқыныш, күйзелістік жағдайлар кезіндегі алаңдаушылық, мысалы, ата-анасының ажырасуы немесе жақын адамынан айырылу.

– Бала – бұл отбасылық қарым-қатынастың көрсеткіші. Оның психикасы өмірлік күйзелістерге дайын емес, – дейді психолог. – Ата-аналар, туыстар – баланың өміріндегі басты терапевтер. Олардың міндеті – балалардың өсуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау, сүйіспеншілік пен қамқорлықпен қоршау.

Маман балаларға әсіресе егер олар тұйық, гаджеттермен көп уақыт өткізсе, тәбеті болмаса мұқият болуға кеңес береді .