Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырау тұрғындары несие мен займдарды өтеу туралы кеңес алды

  • AstanaTV
  • 26 мамыр 2017
  • 2401

Несиеге қатысты талаптарды жеңілдету. Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған займның ережелерін өзгерту мүмкіндіктері. «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауына келген Атырау облысы тұрғындарын осы мәселелер толғандырады. Олар көкейіндегі сұрақтарын қойып, оған жауап алды. Көшпелі қабылдауға Ұлттық банк өкілдері мен сот орындаушылар да қатысты. Сарапшылар ипотекалық несиелерді  қайта қаржыландыру мемлекеттік бағдарламасын түсіндіріп, оның талаптары мен механизміне кеңірек тоқталды. Қабылдауға келген тұрғындарға мамандар кеңес беріп, жөн сілтеді. Тереңірек  зерттеп, қарастыруды қажет ететін сұрақтар партия бақылауына алынды.

Жұмажан Жүкенов, «Нұр Отан» партиясы республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Қабылдауға келген азаматтардың әрбір мәселесін талқылап қандай жолдары бар Заң аясында соны айтуымыз керек. Ал, бұндай қабылдаулар республика көлемінде өтіп отырады. Біздің қазіргі уақытта орталыққа - Астанаға емес, жергілікті жерге, аудандарға, облыстарға барып  қабылдау өткізу.