Русский Сайттың толық нұсқасы

АҚШ-тағы орман өрті: “Болашақ” орталығы Калифорнияда оқып жүрген қазақстандықтарға үндеу жолдады

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2025
  • 115

"Халықаралық бағдарламалар орталығы" Калифорния штатында болып жатқан орман өрттеріне байланысты жағдайды мұқият бақылап отырғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Орталықтың мәліметінше, қазір Калифорния штатында 73 стипендиат білім алуда, оның ішінде "Болашақ" бағдарламасының 56, ал ғылыми тағылымдама бағдарламасының 17 стипендиаты бар. Барлығы аман-есен, кураторлармен байланыста.

"Стипендиаттар жергілікті билік органдарының ұсыныстарын орындап, жағдай туралы бізге жедел түрде хабарлап отырады. Біз университеттермен тұрақты байланыстамыз және кез келген өзгеріске жылдам әрекет етуге дайынбыз", – делінген "Халықаралық бағдарламалар орталығының” хабарламасында.

Орталық барлық стипендиаттарды абай болуға, қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауға шақырды. Сондай-ақ төтенше жағдайларда Сан-Францискодағы Қазақстан консулдығына хабарласуға кеңес берді.