Русский Сайттың толық нұсқасы

СҚО-да жұмысшылардың жалақысынан 2 млн теңге заңсыз ұсталған

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2025
  • 126

Солтүстік Қазақстан облысының прокурорлары жұмысшылардың конституциялық құқығын қорғады, деп хабарлайды Almaty.tv ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүргізілген талдау шеңберінде қадағалау органы жұмысшылардың жалақысынан әлеуметтік төлемдерді негізсіз ұстау түрінде өрескел заңбұзушылықтарды анықтады.

"Осылайша, Тайынша әлеуметтік қызмет көрсету орталығының лауазымды тұлғалары Еңбек кодексінің 115-бабының талаптарына қайшы, ынталандыру ақыларын төлеу үшін 20 қызметкерден 2 миллион теңге көлемінде жалақыны ұстап қалған. Дәл осындай жұмысшылардың құқықтарының бұзылуы Олимпиадалық резервтегі дайындық орталығында, М.Жұмабаев ауданының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде және облыстық әкімдіктің денсаулық сақтау басқармасында анықталды", - делінген прокуратура хабарламасында.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, заңсыз ұсталған сомалар қайтарылды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде 23 жұмысшының құқығын қорғауға мүмкіндік берілді.

Жалпы, биылғы жылдың басынан бері қадағалау органы 2462 қызметкердің конституциялық құқықтарын қорғады.

Еңбек заңнамасын сақтау мәселесі облыс прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.