Русский Сайттың толық нұсқасы

Аяқ-қолы ісіп кеткен: қазақ жігіт энергетикті көп ішкен адамның жағдайын көрсетті

  • AstanaTV
  • 10 қаңтар 2025
  • 94

Қытайда күніне үш-төрт қалбыр энергетик сусын ішкен жігіттің видеосы жарияланды. Онда ер адамның аяқ-қолы адам шошырлықтай ісіп кеткені көрінеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Видео Instagram желісінде fzhl.art парақшасында жарияланды. Автордың айтуынша, видео Қытайдың WeChat желісінен алынған.

Онда ер адамның күніне 3-4 қалбыр газдалған, энергетик сусын ішетіні айтылған.

«Салдарынан қолы мен аяғы ісіп кетіпті. Ол жігіт осы ісімен қатты өкінемін, үйімде газдалған, энергетикалық сусындар үнемі тұратын. Қазіргі жағдайымды көріп тұрсыздар. Мына күйімде ешкім жұмысқа алмайды. Қазіргі жастар Gorilla, Coca Cola, Pepsi сияқты зиянды сусындарды көп ішеді. Оның зиянын қазір емес кейінірек көруі мүмкін. Сол себепті менің жағдайым оларға сабақ болсын деп осы видеоны шығарып отырмын. Денсаулықты қазір күтіңіздер», - делінген видео авторының сөзінде.