Алматы қаласының Медеу ауданында болған қақтығыс кезінде полиция қызметкері пышақ жарақатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
egovpress деректеріне сәйкес, қақтығыс полиция қызметкері мен Өзбекстан азаматы арасында болған. Жанжал барысында құқық қорғау органының қызметкері шетелдік азаматты беттен ұрып жіберген. Жауап ретінде күдікті пышақ шығарып, полицейдің жүрек және іш аймағына үш рет соққы жасаған. Ауыр жарақат алған қызметкер ауруханаға жеткізілгенімен, көз жұмды.
Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, қаза тапқан қызметкер – Медеу ауданы полиция басқармасының жедел уәкілі.
«Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Айта кету керек, полиция қызметкері оқиға кезінде қызметтік міндеттерін атқармаған және жұмыс уақытынан тыс жүрген», – деп хабарлады полиция департаменті.
Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.