Русский Сайттың толық нұсқасы

Семейде көлік жүргізушісі ана мен баланы қағып кетті

  • AstanaTV
  • 12 қаңтар 2025
  • 123

Семей қаласының Шығыс кентінде жүргізуші жаяу жүргіншілер өткелінде ана мен баланы қағып кетті, деп хабарлайды Abai News.

«Оқиға құрылыс дүкенінің маңындағы жаяу жүргіншілер өткелінде болды. Жол-көлік оқиғасы кезінде зардап шеккен ана мен бала дереу ауруханаға жеткізілген», — делінген хабарламада.

Семей қалалық полиция департаментінің хабарлауынша, зардап шеккендер медициналық тексеруден өтіп, үйлеріне қайтарылған. Полиция департаменті көлік жүргізушісінің әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын мәлімдеді.