Русский Сайттың толық нұсқасы

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық Новосібірде ұсталды

  • AstanaTV
  • 13 қаңтар 2025
  • 130

Қазақстан ІІМ Интерполының сұрауымен Ресей Федерациясының Новосібір қаласында 24 жастағы қазақстандық азамат ұсталды, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Ол үлкен көлемде алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеуде жүрген. Күдікті былтыр жазда Алматыдағы сауда үйлердің бірінде техника сатушы болып жұмыс істеп, азаматтарға мобильді телефондар мен олардың аксессуарларын өткізу сылтауымен алаяқтық жасаған. Ол 20 миллион теңгеден астам ақша жымқырған.

Қазіргі уақытта күдікті қамауда.