Русский Сайттың толық нұсқасы

Сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2017
  • 2108

Елімізде сенат депутаттығына үміткерлерді ұсыну аяқталды. Бұл туралы бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында мәлім болды. Сонымен, сайлау науқанына ел бойынша барлығы 89 кандидат ұсынылған. Оның 82-сі өзін-өзі ұсыну құқығын пайдаланғандар. Жетеуін мәслихат депутаттары ұсынған. Оның 13-і әйел. Мұнымен қатар, өз кандидатурасын қызметтегі 4 сенатор ұсынған. Осылайша, бір сенатор мандатына орташа есеппен 5 үміткерден келіп отыр. Сондай-ақ кандидаттардан 2 шағым келіп түсіпті, оларға заңнамаға сай түсіндірме берілген. Орталық сайлау комиссиясындағылар сайлау науқаны заң талаптарына сәйкес өтіп жатқанын атап өтті.