Русский Сайттың толық нұсқасы

МӘМС жүйесіне 16 млн 500 мыңнан астам азамат тіркелген

Былтыр медициналық сақтандыру қоры 2 мыңға жуық медициналық ұйымға шамамен 2,1 трлн теңге төледі. Бұл -өткен жылғы медициналық көмекті қаржыландыру көлемінің 79%-ы. Қазір республика бойынша медициналық сақтандыру жүйесіне 16 млн 500 мыңнан астам азамат тіркелген. Оларға осы уақытқа дейін 543 млн-нан астам қызмет түрі көрсетілді. 

ЛӘЗЗАТ ШОМАНОВА, ҚР ДСМ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ДИРЕКТОРЫ:

Бұл жүйеде мемлекеттік кепілдік берілген пакет бар және сақтандырылған пакет бар. 16,7 млн адамның 11 млн астамы- жеңілдік санатына жататын адамдар. Оларға жарнаны мемлекет өзі төлейді. Сақтандырылмаған санатта 3,5 млн адам бар. 2,5 млн адамның сақтандыруға қабілеті бар. Өйткені олардың жасы пенсияға жетпеген, сатып алу қабілетіне қарағанда олардың осы жүйеге қатысуға мүмкіндігі бар.