Русский Сайттың толық нұсқасы

Көлемі 50 шаршы метрден аспайтын тамақтандыру орындары тексерілмейді

  • AstanaTV
  • 29 мамыр 2017
  • 3120

Бұдан былай көлемі 50 шаршы метрден аспайтын сауда-саттық орындары мен 50 орынға шақталған тамақтандыру орындарын санэпидемстанция тарапы тексермейтін болды. Бұл туралы бүгін тілшілермен кездескен еліміздің бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді. Оның сөзінше, аталмыш шара кәсіпкерлікке деген қысымды төмендету үшін жасалған. Қазірдің өзінде Денсаулық сақтау министрлігі кәсіпкерлікке деген кедергіні азайту үшін рұқсат ету құжаттарының санын 92 пайызға төмендеткен.

Жандарбек Бекшин, ҚР ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары:

Кәсіпкерлер өздері өндірістік бақылауын күшейту керек. Яғни «өзін-өзі» бақылауы керек. Сондай-ақ тұтынушылармен, яғни тұрғындармен кері байланыс орнауы тиіс. Яғни тамақтарына шағым түсіп, улану оқиғасы тіркелсе, нақты дәлелдермен шағым жазып, тек содан кейін тексеріс жүргізілетін болады. Бұл аталмыш орындар мүлде назардан тыс қалады деген сөз емес.

Алайда, бұл өзгеріс қарапайым тұрғындарды шошытып отыр. Себебі олар онсыз да санитарлық жағдайы мәз емес базар маңындағы және қаланың кез-келген жерінде кездестіруге болатын шағын орындарда санитарлық жағдай тіптен төмендеп кетеме деп алаңдайды. 

Оны тексеру керек деп ойлаймын.

Дұрыс тазалықтың болмауы, дұрыс тамақтың болмауы мүмкін. Мен солай ойлаймын. Тексеру болу керек.

Ішінде крысалар кеміріп тұрғанын көрдік қой, сол тексермегеннен шығар, тексерсе, олай болмайды ғой.