Әлеуметтік желідегі бейнелерден су маржанының қайраңдап қалып, ауа жетпей қырылғанын байқау қиын емес, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Осы уақытта Бақсай каналының бетін жаппай балықтың өлексесі жапқан. Шалажансар балықтар да анық байқалады.
Атырау облысы әкімдігінің ресми өкілі Руслан Жұмағазиев аталған фактіні растап, құтқару жұмыстары жүргізіліп жатқанын қоса кетті.
– Қазіргі уақытта оқиға орнында Атырау облыстық Табиғи ресурстар басқармасы мен Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясы мамандары жұмыс істеуде. Құтқару шаралары туралы қосымша хабарланатын болады, – деп қысқа жауап қатты ол.
Осыған дейін өткен жылғы тасқыннан Атырау облысында қайраңдап қалған 8 миллионға жуық шабақтың құтқарылғаны хабарланған еді.