Асылбек Нұралин Мәжіліс депутаты атанды, – деп хабарлайды Мәжілістің баспасөз қызметі.
А.Нұралин Қазақстан Халық партиясы фракциясы атынан өкілеттілігін тоқтатқан Гауһар Танашеваның орнына келді.
Бүгін ол Мәжіліс депутаты ретінде ант беріп, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің құрамына сайланды.