Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар мен Қарағанды облысы жер дауын шеше алмай жүр

Павлодар мен Қарағанды облысы жер дауын шеше алмай отыр. Екі өңір арасындағы 17 мың гектардан астам жер телімінің кімге тиесілі екені белгісіз. Бір қызығы екі аймақтың да атқамінерлері бұл жерді шаруаларға жалға беріп тастаған. Осының салдарынан жер учаскесінде екі бірдей қожайын пайда болды. Ақыры жер алған шаруалар шаш етектен шығынға батты. Бұл туралы арнамыздан 3 жыл бұрын көрсеткен болатынбыз. Алайда, даулы мәселеге әлі нүкте қойылар емес. 

АСАЙЫН БАЙХАНОВ, ОБЛЫС ӘКІМІ:

Жерді жалға алған келісім шартқа сәйкес қанша жыл қалды. Біреуінде 5 жыл, біреуінде 10 жыл, біреуінде 7 жыл, біреуінде 3 жыл қалды. Сол біткенше, олардың жерін тартып алмаймыз. Отыра берсін. Сосын біткеннен кейін біз оны өзіміз конкурс өткіземіз. Солай келісіп жатырмыз. Солай шешілуі керек негізі. Талқылап жатырмыз қазір.

Мұрағат деректерінде бұл жердің нақты қай облысқа қарайтыны анық көрсетілмеген. Бірақ, 1984 жылғы картада даулы жер Павлодар облысының аумағында - деп белгіленген.