Русский Сайттың толық нұсқасы

23 жастағы студент адам өмірін сақтап қалды

23 жастағы студент адам өмірін сақтап қалды. {КСМ} Оқиға "Қызылорда-Астана" бағытындағы әуе рейсінде болған. Дінмұхаммед Бектұрғанның айтуынша, 50 жастағы ер адам есінен танып, жүрегі мен тыныс алуы тоқтап қалған. Сол сәтте жедел шешім қабылдап, көмек көрсетіп, науқасты құтқарыпты. Дінмұхаммед Бектұрған Астана Медициналық университетінде 7 курста оқиды. Болашақ дәрігер бұған дейін де бір адамның өмірін сақтап, алғысын алған. 

ДІНМҰХАММЕД БЕКТҰРҒАН, СТУДЕНТ:
Жалпы бортта болған екінші жағдайым. Бірінші жағдай Стамбул қаласына ұшып бара жатқан уақытта болды. Бірақ дәл мұндай критикалық ситуация болмады. Бұл -менің борышым. Болашақ жұмысым. Және де әрдайым көмек беруге дайынмын.