Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы сайлауды бақылауға халықаралық ұйым миссияларының өкілдері келе бастады

  • AstanaTV
  • 17 наурыз 2016
  • 1452

Бүгін елдегі ең маңызды саяси доданы бақылаушы халықаралық ұйым миссиясы өкілдерінің алды келіп жетті. Солардың бірі - «Шанхай» ынтымақтастық ұйымының мүшелері. Қонақтарды Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов ресми қабылдады. Қос тарап жалпы сайлау барысында атқарылар істерді талқылап, заңнамалар жөнінде біраз сұрақтардың басын көтерді. Аталмыш халықаралық ұйым атынан ресми түрде 9 байқаушы тіркелген екен. Олар - Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан және Қатай сынды мемлекеттен жіберілген өкілдер.

Азиз Носиров, Шанхай ынтымақтастық ұйымы Бас хатшысының орынбасары:

Бейжіңнен келіп, ұшақтан түсе салысымен елдеріңіздегі дайындық барысының жақсы екенін көрідім. Оған дейін де үздіксіз ақпарттарды қарап жүрдім. Байқағаным, сайлауға қатысты жаңалықтар шұғыл толықтырып, жаңаланып отырады екен. Сондықтан саяси науқан да ойдағыдай өтеді деп сенемін.

Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоостың қабылауында Армениядан келген байқаушылар да болды. Тағы бір күткен делегация - ОБСЕ ұйымының өкілдері. Оларды Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов қабылдады. 76 байқаушыны ұйымның Парламент ассамблеясы миссиясының жетекшісі Гейр Беккеволь мен қысқа мерзімді бақылауды үйлестіруші маман Мариетта Тидеи бастап келген.

Құралай ПИОНЕР