Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте емхана дәрігерін балағаттаған ер адам бес тәулікке қамауға алынды

  • AstanaTV
  • 16 қаңтар 2025
  • 120

Шымкент қаласының Әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында емхана қабырғасында дәрігерді балағаттады деп айыпталған ер адамға қатысты әкімшілік ісі қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әкімішілік істі қарау кезінде азамат Е. 2025 жылғы 5 қаңтарда емханада, яғни қоғамдық орында жәбірленуші (дәрігер) К-ның ар-намысына тиіп, оған былапыт сөздер айтып, айналасындағы адамдарға сыйламаушылық білдіргені анықталған.

Ер адам өз кінәсін толық мойындап, өкінетіндігін білдіріп, шын мәнінде жанжал барысында дәрігерге былапыт сөздер айтқандығын растап, одан кешірім сұрап, соттан жеңіл жаза тағайындауды сұрады.

Сот жоғарыда көрсетілген мән-жайларды ескере отырып, сотталушыға ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігімен 5 (бес) тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады.

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.