Русский Сайттың толық нұсқасы

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» кітабы қазақ тіліне аударылды

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2017
  • 2828

Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің «Ел басқару жөнінде» атты кітабы қазақ тіліне аударылды. Әзірге 2 мың дана таралыммен шығып, көпшілік назарына ұсынылған кітаптың тұсаукесері  Қазақстанның тұңғыш Президенті кітапханасында өтті.

Кітап 18 тараудан тұрады. Әр тарау реформаларды жетілдіру, экономиканың кедергісіз дамуын қолдау, көрші елдермен дипломатиялық қарым-қатынасты жақсарту, жемқорлықпен күрес сынды ауқымды мәселені қаузайды. Бұл туынды бүгінде әлемнің 25 тіліне тәржімаланған. Қазақ тілді нұсқасы 2 жыл көлемінде Қазақстанның Қытай халық Республикасындағы елшілігі мен Тұңғыш Президент - Елбасы кітапханасының қолдауымен дайындалған.

Бақытжан Темірболат, ҚР Президент кеңсесі басшысының орынбасары:

Қытай біздің ұлы көршіміз. Сондықтан бұл елдің өткізіп жатқан реформалары біз үшін өте қызықты әрі пайдалы. Сондықтан бұл кітаптың қазақ тіліне аударылуы өте пайдалы.

Чжан Ханьхой, ҚХР ҚР Төтенше және Өкілетті Елшісі:

Бұл қос мемлекеттің ынтымақтастық қарым-қатынасын арттыра түседі. Екі елдің дамуы туралы сөз қозғар болсақ, сіздердің де өз сарабдал саясаттарыңыз бен стратегияларыңыз бар, бұл кітапта сол сияқты Қытайдың саяси ұстанымы суреттелген.