Русский Сайттың толық нұсқасы

Сирияға байланысты келіссөздер өтуі мүмкін - Қ. Абдрахманов

  • AstanaTV
  • 05 маусым 2017
  • 2774

Сириядағы жағдайды біржақты ету үшін тараптар 12-13 маусым күндері қайта келіссөздер бастауы мүмкін. Сыртқы істер министрі Қайрат Абдрахманов осылай дейді. Қазір Ресей, Түркия, Иран сияқты кепіл елдер өзара келісім жасасып жатыр. Алдағы күндері келіссөздердің нақты күні анықталады. Еске салсақ, осыған дейінгі кездесу 3-4 мамыр күндері Астанада өткен. Нәтижесінде Сирияда қару қолданылмайтын аумақтар жайында меморандумға қол қойылған еді. Министрдің пікірінше, алдағы басқосуда жоғарыда айтылған меморандумды нақты іске асыру мәселесі көтеріледі. 

Қайрат Абдрахманов,  ҚР Сыртқы істер министрі:

Алдын ала жоспар бойынша ресейлік әріптестеріміз өзге елдегі өкілдерге 12-13 маусым күндері Астанада жиналуды ұсынғанын айтты. Дәстүр бойынша шараға кепіл елдердің өкілдері, сондай-ақ олардың шақыруымен Сирия үкіметі мен қарулы оппозиция делегаттары да қатыса алады.

Айбек ҚОСАН