Бір күнде 2 млн шыныаяқ кофе ішіледі

Бір күнде 2 млн шыныаяқ кофе ішіледі

Әлемде күніне 2 млн шыныаяқ кофе ішіледі. Сусын сату және сатып алу көлемі бойынша мұнайдан кейін екінші орында тұр. "МилФудс" компаниясының мәліметінше, соңғы 47 жылда кофенің әлемдік бағасы ең жоғары деңгейге көтерілді. Алдағы уақытта баға тағы өсе ме? Жалпы жұрт неге кофеге құмар? Тілші сюжетінде.

АЙДАНА ҚАЙРАТ, ТІЛШІ:

Кофені әлем бойынша ең көп тұтынатын 3 мемлекет ішінде Финляндия көш бастап тұр. Орташа есеппен бір тұрғын күніне 4 шыныаяқ кофе ішеді. Бұл - бір адамға жылына 12 келі деген сөз. Тіпті жұмыс уақытында кофе ішуге арналған 10 минуттық үзіліс бар.
Екінші орында Норвегия. Жергілікті тұрғындар үшін кофе ішу- мәдениеттің бір бөлігі. Олар көп уақытын достарымен, әріптестерімен кофеханаларда өткізуге тырысады. Кофе әдетте тағаммен бірге беріледі. Жан басына шаққанда әр адам жылына 9,9 келі кофе тұтынады.
Исландиялықтарда «tíu dropar» сөз тіркесі бар. Сөзбе-сөз аударғанда «он тамшы» және кішкене шыныаяқ кофе ішу дегенді білдіреді. Исландиядағы кез келген мекемеде келушілерге бірінші кезекте кофе ұсынылады, бұл ұсыныстан бас тарту- мәдениетсіздік. Мұнда әрбір тұрғын жылына 9 келі кофе ішеді.

Әлемде бұл сусынның 100-ден астам түрі бар. Ең көп таралғаны – арабика және робуста. Құрамындағы кофеин көңілді сергітіп, қуаттандырады.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Кофе ішуімнің себебі энергия алуға бір жағынан. Күн аз ғой Астанада, кофе ішкеннен кейін жұмысқа жақсы настрой болады.
- Күнделікті 5-6 кесе кофе ішемін. Латте ұнайды Көңіл-күйім көтеріліп жақсы болып қаламын. Энергетик ішкеннен кофе дұрыс.

Кофе тұтынушылардың саны күннен күнге өсуде. Оның ерекше иісі де адамдарды өзіне баурайтын көрінеді. Құрамында жиырмаға жуық аминқышқылы, кальций, магний, натрий, темір минералдары бар. Көп жағдайда кофе күйзеліспен күресуге көмектеседі дейді мамандар. Дегенмен елімізде кофе мәдениеті қатты дамымаған.

ЕЛДАР ҚАСҚАРБАЕВ, БАРИСТА:

Қазақстандықтар сүт қосылмаған кофені жиі қолданбайды. Себебі ащы дәм барлығына бірдей ұнайды деп айта алмаймын. Каппучино, латте, раф сынды түрлері қашанда сұраныста. Күніне 100-130 шыныаяқ өтеді.

Кофе дәні мен ұнтағы Эфиопия, Оңтүстік Корея, Бразилия, Оңтүстік Америка мемлекеттерінен тасымалданады. Кофе ағаштарынан тек бір келі дән алынады. Биыл климаттың бұзылуына байланысты егін аз жиналған. Бұл кофеннің қымбаттауына алып келген.

БЕЙБІТ КАРИМОВ, САРАПШЫ:

Біз бір, бір жарым жыл бұрын алдын-ала егінге анализ жүргіземіз. Әрине бізді де ескертіп отырады. Өз сатып алушыларымызды қаржылық жағынан қиындыққа ұшырамас үшін ескертеміз. Биыл егін өте аз жиналды. Дегенмен келесі жылы барлығы дұрысталады деп естіп жатырмыз. Бағаның қымбаттауына бұдан басқа инфляция, доллардың өсуі сынды факторлар әсер етеді.

Статистикаға сәйкес, былтыр елге кофенің 2 мың тоннасы әкелінген. Алдыңғы жылмен салыстырғанда бұл 500-ге артық. Нәтижесінде импорт құны 12 300 доллардан асқан. Мамандар алдағы уақытта да елімізде кофеге сұраныс артатынын айтады.