Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкентте ұйымдасқан қылмыстық топ жұмыссыздарға бөлінген ақшаны қолды қылған

  • AstanaTV
  • 06 маусым 2017
  • 2031

Шымкентте жұмыссыздықты жоюға бағытталған 5,5 млн теңге бюджет қаржысы ұйымдасқан топтың қолында кеткен. Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің дерегінше, бұл сома әлі де артуы мүмкін. Құрықталған топ басшысының көлігі мен үйін тінту кезінде 180 дана банк карталары, 88 дана мөр, 2 млн теңгеден астам ақша алынды. Бұдан бөлек жеке куәліктер мен кәсіпкерлерге тиесілі еңбек кітапшалары табылған. Белгілі болғандай, ұйымдасқан топ құйтырқы әрекеттерін жалған кәсіпорындардың көмегімен жүзеге асырған. Жұмыссыз азаматтарға басқаша түсіндіріп, сенім хат алған,- дейді экономикалық тергеу қызметіндегілер. Топ басшысы қамауға алынды. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.