Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлттық валюта апта басынан бері 2,3% құлдырады

  • AstanaTV
  • 21 маусым 2017
  • 3278

Теңге құны күрт төмендеп кетті. КАSЕ-нің күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша ұлттық валютаның долларға шаққандағы курсы 326 теңге болды. Айырбас пункттерінде 1 АҚШ доллары 328 теңгеден сатылды. "Көк қағаз" құнының соңғы бір аптада айтарлықтай шарықтап, төл теңгенің құлдырағаны байқалды. Ахуалды, Ұлттық банк мамандары, жіті назарда ұстап отырмыз, дейді. Бұл туралы бас қаржы реттегіш таратқан баспасөз хабарламасында айтылды.

Валютаның құлдырауы Қазақстанда ғана емес, экономикасы бізге ұқсас бірнеше мемлекетте байқалған. Бұған мұнай бағасындағы өзгеріс әсер етті.

Теңге 2,3%, Ресей рублі 2,7%, Канада доллары 0,5%, Бразилияның реалы 1,4%-ға құлдыраған. Ал бүгін Brent маркалы мұнайдың құны барреліне 45,95 долларды құрады.