Шымкентте экс-судья сотталды

Шымкентте экс-судья сотталды

Шымкентте экс-судья 7,5 жылға сотталды. Оған «алаяқтық» бабы бойынша үкім шыққан. Одан бөлек осы істе онымен ымыраласқан тағы екі адамға жаза кесілді. Оның бірі- заңгер, екіншісі –кәсіпкер. Сотта анықталғанындай: сотталушы кәсіпкер танысының әйеліне, оның күйеуіне бас бостандығынан айырмайтын жазаны тағайындауға көмектесуге уәде берген. Сот сотталушы экс-судьяға ауырлататын мән-жайлар ретінде өзі берген кәсіби антын бұзғаны деп таныды. Ол мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Ал адвокатқа 6 жыл 8 ай, кәсіпкерге 5 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Үш сотталушыға «Пара беруге азғыру» бойынша да айып тағылған болатын. Бірақ бұл айып бойынша олар ақталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ.