19
наурыз Қазақстанда «тыныштық күні»
болып жарияланды. Кандидаттар үгіт-насихат жұмысын жүргізіп, заңды бұзған жағдайда, жауапкершілікке тартылатыны туралы Бас прокуратура ресми сайтында жариялады.
Конституцияға сай сайлау күндері де үгіт-насихатпен
айналысуға тыйым салынады. Сайлау комиссиялары мен дауыс беру учаскелерінен
өзге жерлерге бұған дейін жапсырылған үгіт парақшалары өз орнында қалады.
Сондай-ақ сайлау күні аталған нысандарда сауалнама жүргізіп, көпшіліктен пікір жинауға да
рұқсат жоқ. Дауыс беру құқығын бөгде адамға беруге болмайды.
Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ