Русский Сайттың толық нұсқасы

Жас отбасыларға пәтер алуда жеңілдік қарастырылмайды

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 3257

Жас отбасыларды баспанамен қамтуда мемлекет қандай жеңілдіктерді қарастырады? «Өңірлерді дамыту - 2020» және «Қолжетімді баспана 2020» бағдарламалары аясында 2012-2016 жылдар аралығында 8 мыңнан аса жас отбасы пәтерлі болған. Ал биылдан бастап қолға алынған «Нұрлы жер» бағдарламасының мүмкіндіктері жайлы Айзада Төребекқызы айтады.  

Жеңілдікпен баспана алуды армандаушылардың бірі Әлімхан Дүйсенғалиев үш баласымен  әлі күнге пәтер жалдап жүр.  «Жас отбасы» негізінде баспаналы болу бақыты бұйырмаған, ал несие рәсімдеуге қол қысқа,- дейді. 

Әлімхан Дүйсенғалиев, Шымкент қаласының тұрғыны:

Осы жас отбасы бағдарламасы ыңғайлы болып тұр бір жағынан. Сол 35 жас болып жатса, өте жақсы болар еді.

30 жасында шаңырақ көтерген павлодарлық Максим Кочетков жеңілдетілген жоба арқылы үй алу мүмкіндігінен айрылып қалған. Бүгінгі буынның проблемасы баспана екенін айтады.

Максим Кочетков, Павлодар қаласының тұрғыны:

Нарықтағы үй бағасы мен жалдамалы баспана құны өте қымбат. Жас отбасылардың жасын 35 жасқа ұлғайтса, жаңадан шаңырақ көтергендерге мүмкіндік туар еді.

Бұлар жас отбасылар санатының жас мөлшері 35 жасқа ұзартылса деген депутаттар бастамасына үміт артады. Павлодарда өткен жылы 54 жас отбасы пәтер алса,  Шымкентте бағдарлама іске асырылғалы соңғы үш жылда 570 жас отбасы баспанаға қол жеткізген. Бірақ бағдарлама өткен жылдың соңында тоқтап қалған

Сара Жаңабайқызы, ҚР ИДМ құрылыс және ТҮКШ істері комитетінің бас сарапшысы:

Құрылыстары басталып қойған ҚИК және осы ТҮҚЖБ арқылы ұсынылатын жас отбасыларға үйлерін қалған бөліктері салынатын болады.

«Қазақстан ипотекалық компаниясы» арқылы 35 жасқа дейінгі жас отбасылар мен толық емес отбасыларға 2 мың, ал Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі арқылы 400 пәтер 29 жасқа толмаған отбасыларға бұйырады. Тек оның талаптары қатаң.

Фарида Абдуалиева, Шымкент қаласы тұрғын үй қатынастары бөлімінің бас маманы:

451 азамат соңғы электронды түрде бізге өтінім тапсырды, 1 бөлмелі пәтерге. Ол 451 пәтердің ішінен азаматтың ішінен тек 24 азамат жас отбасы ғана пәтермен қамтылады. 

Биылдан бастап «Нұрлы жер» бағдарламасы  іске қосылды. Онда азаматтардың жас шамасына  шектеу жоқ. Бағдарламада барлық санаттағы азаматтарға тұрғын үй жағдайын кешенді шешуде 5 негізгі бағыт қарастырылған. Тек кезекте тұрған жас отбасы әлеуметтік жағынан ең осал топқа жатқан жағдайда жалға берілетін, сатып алусыз тұрғын үйге ие бола алады.

Айзада Төребекқызы, тілші:

Жеке тұрғын үй бағытын дамыту аясында өңір орталықтарында пилоттық  жоба қолға алынған. Осының негізінде салынып жатқан дайын үйлерді сатып алуға болады. Бұл жер кезегінде тұрған азаматтарға ұсынылады дейді мамандар.Мұны қолай көрмегендер банктер арқылы 5 және 10 пайыздық сыйақысымен «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ипотека рәсімдеуіне де мүмкіндігі бар.

Айзада ТӨРЕБЕКҚЫЗЫ