Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылорда облысында мүгедек балалардың құқығы бұзылған - прокуратура

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 3238

Қызылорда облысында науқас балаға ересек кісінің жетек арбасы берілген. Ал кейбір ата- аналар қымбат дәрілерді өз қаражатына сатып алған. Мұндай жәйттерді аймақ прокурорлары анықтады.

Сырдария ауданында осылайша мүмкіндігі шектеулі балалардың құқығы тапталған. Прокуратурамен қатар фармацевтикалық бақылау, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау  департаменті, мүгедектер қоғамдық бірлестігі өкілдерінен құралған комиссия 190 науқас баланың жағдайымен танысты.

Сал ауруына шалдыққан екі жасар Аман Шаттықұлына еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ересек адамдарға лайықталған жетек-арбаны табыстаған. Тағы 4 отбасы дәл осындай жағдайға тап болған. Аллергиялық астмамен ауыратын мүгедек баланың анасы өз қалтасынан қымбат дәрі сатып алуға мәжбүр болғанын айтады.

Шолпан Ақбергенова, Тереңөзек кентінің тұрғыны:

Жоқ болуыда мүмкін, осыны алып алыңыз деді. Сауатымыз болмай қалды ма, ала салдық. Әлеуметтік қызметкер: ол ауыстырылмайды екі жылдан бері сондай, келмей-ақ қойсын, әкелмей-ақ қойсын деп жіберіпті. Енді прокуратуранын адамдарымен бармасам.  

Жұмыс тобының мүшелері мүгедек балалардың ата анасына түсіндіру шараларын өткізді.  Мемлекет тарапынан көрсетілетін әлеуметтік, тегін медициналық қызметті сапалы және толық көлемде алып отыр ма, осы жағын да тексерді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша кінәлілер тиісті жазасын алады, - дейді құзырлы орган өкілі.

Асхат Тәженов, Сырдария ауданының прокуроры:

44 баланың құқықтары бұзылғандығы анықталды. Анықталған барлық заң бұзушылықтар бойынша прокуратурамен заң бұзушылықтарды жою туралы ұсыныс енгізіліп, оларды қарау нәтижелерімен денсаулық сақтау үйымдарының басшылары, дәрігерлері, жұмыспен қамту бөлімінің қызметкерлері барлығы әкімшілік және тәртіптік жауапкершілікке тартылатын болады.