Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтауда нұротандықтар 15 жастағы науқастың Мəскеуге ұшуына көмектесті

  • AstanaTV
  • 07 маусым 2017
  • 2460

«Нұр Отан» партиясы Ақтау қалалық филиалының өкілдері бір отбасына көмек қолын созды. 15 жасар Мыңжас Аманбаевқа Мəскеуде ота жасалуы керек. Алайда, ата-анасы қаржы таба алмай қиналған. Партия өкілдерінің көмегімен ұшақпен ұшу ақысы төленетін болды. Көлік апатына түскен балаға бұған дейін 6 рет ота жасалыпты.

7 жыл бұрын болған апатта 6 адамның бесеуі  қаза тапқан. Аман қалған Мыңжастың бет сүйегі мен көзін қалпына келтіру оңай болмады. Бұл жолы отаға қажетті 2 млн-дай теңгені қала халқы жұмылып жинағанымен, жолға жетпей қалған. Ақыры Мыңжастың əжесі "Нұр Отан" партиясының көмегіне жүгінген.

Батыр Жайлауов, облыстық мəслихат депутатының көмекшісі, "Нұр Отан" партиясының мүшесі: 

Жансəуле Аманбаева облысы депутаты Қуанышбек Абдрахмановтың қабылдауында болып, немересі Мыңжастың операциясына Мәскеуге жүріп бара жатқандығын айтып, оған да материалдық  көмек көрсетуді сұраған болатын. 

Айжан ҚУАШ