Елордада "Сергек" бейнебақылау камералары алынып тасталады. Орнына онан да "ақылды" камералар келеді. Қаланың бейнебақылау жүйесі енді Біріккен Араб әмірліктерінің жекеменшік компаниясына өтеді. Жаңа бақылау жүйесінде жол қозғалысы ережелерін бұзудың 15 фиксациясы және бейне аналитиканың 35 түрі қарастырылған. Бұл сергектен де қырағы болады дейді жауаптылар.
ДИДАР СҮЛЕЙМЕНОВ, ҚАЛАЛЫҚ ЦИФРЛАНДЫРУ ЖӘНЕ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Жеке серіктестің инвестициясы - 53 млрд теңге. Жоба толығымен жеке серіктестің жеке қаражаты есебінен қаржыландырылады. Бұл ретте қазақстандық компаниялардың қатысуы жұмыс көлемінің 60%. Жеке серіктеске төлемдер объектіні түпкілікті пайдалануға бергеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Жоба 2030 жылға дейін есептелген.