Студенттерге алаяқтардан сақтанудың жолдары көрсетілді

Студенттерге алаяқтардан сақтанудың жолдары көрсетілді

Алаяқтың арбауынан қалай құтылуға болады? Шығыс Қазақстан облысының студенттеріне қақпанға түсіп, қаржысынан айырылмаудың жолдары көрсетілді. Оған «Жастар Рухы» жастар қанатының облыстық филилалы мен Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің қызметкерлері мұрындық болды. Мамандар нақты мысалдармен түсіндірді. Мәселен, жуырда 2 студентті дропперлар қылмыстық пиғылын іске асыру үшін пайдаланып кеткен. Оларға банк картасын аштырып, оның ақпаратын алаяқтарға беріп жіберген. Нәтижесінде, қос студент қамауға алынды. Спикерлер телефон арқылы бейтаныс адамдармен сөйлеспеудің және өзі туралы ақпарат бермеудің маңыздылығын жеткізді.

ҚОРЛАН ТУҒАМБАЕВА, «AMANAT» ПАРТИЯСЫ «ЖАСТАР РУХЫ» ЖҚ ШҚО ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ:

Мектептерден бастап, колледж, университеттерде оқушы және студенттермен қаржылық сауаттылық, қаржылық алаяқтық туралы айтып, профилактикалық іс-шара жүргізіп жатырмыз.

ЛЕЙЛА ИСКАКОВА, ҚО БОЙЫНША ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕРГЕП-ТЕКСЕРУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕДЕЛ УӘКІЛІ:

Соңғы күндері көбейіп кеткен дропперлар туралы, олардан қалай сақтану керектігін, студенттерге өздерінің банк карталарын кез-келген адамға бермеуге немесе, терминалдарда ақша шешіп беру әрекеттерінен сақтануға шақырамыз.