Таразда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Таразда «Кедергісіз келешек» жобасы аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Таразда «AMANAT» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті. Оған қаладан 150-ге жуық адам келіп, жұмыс берушілермен тікелей сөйлесуге мүмкіндік алды. Азаматтардың өмір сапасын арттырып, көпшілік ортаға бейімдеу мәселесі -партияның басты назарында. Ол сайлауалды бағдарламада да көрсетілген. Жәрмеңкеге 40-қа жуық жұмыс беруші мекеме қатысып 131 бос орнын ұсынды. Былтыр «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 35 жәрмеңке ұйымдастырылған.

ДАУЫЛ БЕЙСЕНҚҰЛОВ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ

Өткен жылы осындай жәрмеңкелер арқылы 96 азаматты жұмыспен қамтуға ықпал еттік. 63 адам уақытша жұмысқа орналасты. Бұл бір науқандық жұмыс емес жоспарға сәйкес жыл аяғына дейін тоқсан сайын осындай ерекше қажеттілікті қажет ететін азаматтар үшін жұмыспен қамтамасыз етуді партия өз жұмыс бағытына алып отыр.

НАЗИРА АҚЫЛОВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ

«Жасау Тараз» тігіншілік қызметіне жұмысқа орналастым. Мен өте қуаныштымын!Керемет бизнес леди болмасам да өз сүйікті ісіммен айналысамын деген ойдамын.