Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылжарда 2014 жылы жөнделген жатақхана қайтадан жаңғыртуды қажет етеді

  • AstanaTV
  • 08 маусым 2017
  • 2634

Қызылжарда көпқабатты жатақхананың тұрғындары дабыл қағып жатыр. Егемен Қазақстан көшісінің бойында орналасқан ғимараттың қабырғалары қақырай бастаған. 2014 жылы баспананың жертөлесіндегі бетон төсемелер шытынап, 1-ші қабаттың едені опырылып түскен болатын. Құдай сақтап, зардап шеккендер болған жоқ. Жергілікті билік өкілдері тұрғындардың жартысын жалдамалы пəтерлерге орналастырып, жатақханадағы ақауларды жойған еді. Алайда, араға үш жыл салып шикілік қайта шыға бастады. Кей жерлерде қабырғалар 15 сантиметрге жылжып, жоғары қабаттардан кірпіштер құлап жатыр, дейді тұрғындар. Кейбірі тіпті бөлмелерін тастап, басқа жерден пәтер жалдауға мәжбүр.

Наталья Никитенко, Петропавл қаласының тұрғыны:

Төтенше жағдай департаменті мен әкімдік өкілдеріне жолықтық. Олар құр уәдемен қайтарды. 3 айдан бері пәтер жалдап келемін. Енді тіпті жалдау ақысын төлеуге шамам жоқ.

Баспана ресми түрде апатты деп танылмаған. Үйдің жағдайын бағалаған арнайы мекеме «тұрғындар үйге дұрыс күтім жасамаған» деген шешімге келді. Айтуларынша, қабырғалар дымқыл тартқандықтан, кірпіштер ыдырай бастаған. Осыған байланысты ескі кірпіштер алынып тасталды. Енді әкімдік мәселені шешу үшін бұқараға «тұрғын үй коммуналдық жаңғырту» бағдарламасын ұсынып отыр.

Николай Свистунов, Петропавл қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің бас маманы:

Біз жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеп қойдық. Күрделі жөндеу жұмыстарына 20 миллион теңге қажет. Енді бұл құжат сараптамадан өтуі керек. Кейін бюджеттен қаражат бөлу мәселесі қаралады.