Русский Сайттың толық нұсқасы

"Астана" футбол клубының жаңа бас директоры тағайындалды

  • AstanaTV
  • 19 ақпан 2025
  • 172
Фото: facebook.com/FCAstanaOfficial

Қайсар Бекенов "Астана" футбол клубының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ елордалық клубқа сілтеме жасап хабарлайды.

Астаналық клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, клубтың бас директоры болған Ғазинұр Әлімов басқа жұмысқа ауысуына байланысты қызметтен кеткен.

Бүгін директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Гурман елордалық клубтың ұжымына жаңа басшы – Қайсар Бекеновті таныстырған. Қайсар Бекенов былтыр клубтың маркетинг және қоғамдық байланыстар бағытына жауапты болған. Айта кетейік, Қайсар Рауфұлы 2013-2019 жылдары клубта басшылық қызметте болған. Бұл кезеңде елордалық клуб ел ішіндегі барлық трофейді жеңіп алған. Сондай-ақ еурокубоктарда тарихи жетістіктерге қол жеткізген.

"Астана" клубы – Қазақстан футболы тарихында Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шыққан тұңғыш команда, сонымен қатар Еуропа лигасының топтық кезеңінен плей-офф кезеңіне өткен алғашқы ұжым.