Русский Сайттың толық нұсқасы

Қарағанды облысында пастереллезден жүзден аса мал қырылған

  • AstanaTV
  • 12 маусым 2017
  • 2955

Қарағанды облысында пастереллезден 96 бас ірі қара мен 6 торай қырылған. Бүгін бұл диагнозды Ветеринариялық зертхана мамандары растады. 

3 ауылда осы дертпен 237 бас мал ауырған. Жергілікті билік өкілдері бүгінде ірі қараның өлімі тоқтағанын айтып отыр. Ал ауру малдың еті саудаға түсуі мүмкін емес деді. Өлген мал тәртіпке сай көмілген. Ауру малды емдеуге қаражат жеткілікті көрінеді. Ал өтемақы барлығына берілетіні бұған дейін айтылған болатын.