Русский Сайттың толық нұсқасы

Димаштың 2 мыңға жуық жанкүйері Ақтөбеге бармақшы

  • AstanaTV
  • 13 маусым 2017
  • 4662

Димаш Құдайбергеннің 2000-нан аса жанкүйері шілде айында Ақтөбеге бармақшы. Олар алдымен Астанада ЭКСПО көрмесін тамашалап, одан соң әншінің туған жеріне ат басын бұрмақ. «Мен әншімін» байқауы арқылы ерекше танымалдыққа ие болған өнерпаздың жанкүйерлері Димаштың өскен ортасын, білім алған мектебі мен музыка колледжін де көргілері келеді. Қазір арнайы маршрут әзірленіп жатыр. Бұл жөнінде бүгін Ақтөбе облыстық сыртқы қатынастар және туризм басқармасының басшысы Ермек Кенжеханұлы мәлімдеді.

Ермек Кенжеханұлы, облыстық сыртқы байланыстар және туризм басқармасының басшысы:

Біз бұл туристік маршрутта Димаштың оқыған жерлерін қамтитын боламыз. Ол оның мектебі, колледжі. Сондай-ақ Димаш өнер көрсеткен филармония және спортпен айналысқан жерлері де енгізілетін болады.

Шетелдіктердің келуіне әнші білім алған оқу ордалары да дайындалып жатыр. Ахмет Жұбанов атындағы Ақтөбе музыка колледжінің қызметкерлері әлемге әйгілі шәкірттерінің өмірбаяны мен жетістіктерін жинақтап, арнайы бейнеролик әзірлемек. Қонақтарға Димаш оқыған сыныптар, білім ордасының мұражайы мен ол қолданған аспаптар да көрсетілетін болады.

Аманжол Ысмағұлов, А. Жұбанов атындағы музыка колледжінің директоры:

Әрине, оқыған өзінің сыныбы, ұстазы Марат Олжабайұлы, осы жердегі концерттік зал - талай сахнаға шығып үйренген жері. Тіпті, керек болса, дене шынықтыру класы болсын, алғашқы әскри дайындық - соның бәрі бүкіл пәндерден құралған нәрсе ғой. Сөйтіп, тәрбиелеген, осындай жақсы әншімізді біздер қолдан келгенше дайындадық, біздің үмітімізді ақтап келе жатыр. Сондықтан келген қонақтарға біз өте қуаныштымыз.