Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматыда болған күдіктілерді құрықтауға байланысты ештеңе айта алмаймын - Қ.Қасымов

  • AstanaTV
  • 14 маусым 2017
  • 2456

Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов Алматыда құрықталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиге байланысты пікір білдіруден бас тартты. Халық алдында есеп беру жиынында министр бұл тек нақты қылмыстық іс екенін айтты.

Қалмұханбет Қасымов, ҚР Ішкі істер министрі:

Алматыда болған құрықтауға байланысты, бұл нақты қылмыстық істер. Мен әзірге пікір білдіре алмаймын. Қандай да бір қорытынды шығарылған кезде білетін боласыздар. Оған қоса Ұлттық қауіпсіздік комитеті жақын күндері нақты ақпаратпен шығатынын айтты ғой. 

Еске салайық, осыған дейін арнайы қызмет өкілдері Алматыда қылмыстық топты ұстады деген ақпарат тараған болатын. Бірақ Ұлттық қауіпсіздік комитеті бұл жайтты әзірге ресми түрде растаған жоқ.

Айбек ҚОСАН