Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда жүргізуші куәліктерін алу тәртібі жеңілдеуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2017
  • 2138

Енді Алматы, Астана, Шымкент тұрғындары жүргізуші куәлігін Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады. Әзірге пилоттық жобаның қай күннен бастап іске асатыны белгісіз. Мамандар мұны халықтың уақытын үнемдеу үшін жасалған деп отыр. 

Еркебұлан Әлсейітов, ОҚО халыққа қызмет көрсету орталығы департаментінің директоры:

Несімен тиімді бұл жерде, біріншіден, қалада мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы қаланың шетінде орналасқан. Көп адам ол жерде 2 сағат бойы күтіп отыра алмайды. Бір жағынан уақыты болмайды, сол кезде өзінің тұрғылықты жеріне жақын ХҚКО-ның кез келгенін көрсетеді, сол жерден алу мүмкіндігі туады.

Елде биыл 137 мың адамға жүргізуші куәлігі берілген. Оның 23 мыңы алматылық жүргізуші. Ішкі істер министрлігінің әкімшілік полициясы былтырдан бері көлік құралдарын тіркеу немесе жүргізуші куәлігін беруді тұрғылықты жеріне қарамастан беруді жүзеге асыра бастады. Осыдан кейін Алматыда экс-аумақтық қызмет түрін пайдаланушылар 71 пайызға артып кеткен.