Русский Сайттың толық нұсқасы

Қызылордада қоғамдық көліктің жолақысы 100 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2017
  • 3933

Қызылордада қоғамдық көлікте жүру құны 100 теңге болуы мүмкін. Қызылорда автобус паркі басшылығы қалалық әкімдікке осындай ұсыныспен шыққан. Былтыр серіктестік билет ақысын 50 теңгеден 70 теңгеге көтергенде тарифті 3 жыл ұстап тұруға уәде берген еді. Алайда, олар жанармай мен көліктің қосалқы бөлшектері қымбаттап кетті деп отыр. АИ-92 маркалы бензин өткен жылмен салыстырғанда 14 пайызға, газдын бір текшеметрі 30 тенгеден бірден 58 көтерілген.

Әнуар Нақып, «Қызылорда автобус паркі» ЖШС директоры:

Қосалқы бөлшектер 100 пайыздан 150 пайызға көтеріліп кетті. Былтыр бес мың теңгеге алып отырған фильтріміз қазір 18 мың теңге болып кетті. Автобустардың барлығы шетелден келеді бізге.

Енді бұл мәселені мәслихат депутаттары қарайды. Тұрғындар арасында жүргізілген сауалнама да ескерілмек.

Асқар Есжанов, Қызылорда қалалық маслихаттың аппарат басшысы:

Маслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында қаралады. Осы тұрақты комиссиясының қорытындысымен біз шешім қабылдайтын боламыз.