Оралдағы кардиология орталығына 76 миллион теңгеге сатып алынған лифтілер қар астында жатыр

  • AstanaTV
  • 12 наурыз 2025
  • 114
Оралдағы кардиология орталығына 76 миллион теңгеге сатып алынған лифтілер қар астында жатыр

Оралдағы кардиология орталығына 76 миллион теңгеге сатып алынған лифтілер қар астында жатыр. Әрі жеделсатыны орнату уақыты былтыр  өтіп кетіпті. Бұл туралы Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі, заңгер Бауыржан Зәки айтты. Оның дерегінше, жаңа жабдық кардиология орталығына былтыр орнатылуы тиіс еді. Бірақ арада үш ай өтсе де, лифті әлі аулада жатыр. Бір қызығы, мердігердің өз міндетін толық орындамағанына қарамаған орталық директоры ақшасын төлеп қойған. Ал өздері ескі лифтіні қолданып жүр. Арнайы сайттағы деректерге жүгінген заңгердің айтуынша, лифті өз бағасынан екі есе қымбатқа сатып алынған. Сондықтан мемлекет қаржысын талан-таражға салғандарды жауапкершілікке тартылуы тиіс, дейді.

БАУЫРЖАН ЗӘКИ, ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ МҮШЕСІ, ЗАҢГЕР:

Басқа кейбір мекемелер осылай қондырылмаған, жасалмаған, атқарылмаған жұмыс үшін сотқа беріп әлгі мердігерді жосықсыз қатысушы деп танып, одан айыппұл төлемін өндіріп алып жатыр сот арқылы. Ал кардиология орталығында мұндай іс-әрекет жоқ. Яғни, не олар сотқа бермеген және де тиісті айыппұлын өндірмеген. 70 проценттен 0,1 процентін есептеп қарасақ, 2,5 млн теңге. Яғни, осы сомадан қазір бюджет қағылып отыр.


Кардиология орталығы директорының айтуынша, бұған жаңа лифтідегі ақау себеп болыпты. Дегенмен келісімге сай наурыз айының соңына дейін лифтіні орнатамыз деп сендірді. Қазір облыстық денсаулық сақтау басқармасы осы жағдайға байланысты қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

АРМАН БАЙДЕУОВ, ОБЛЫСТЫҚ КАРДИОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Лифтілер жылдың аяғында қойылды. Бірақ бұл жерде заводской брак деген нәрсе болып қалды. Поставщиктің өзі келіп, бізге гарантийное письмо берді: действительно, заводской брак. Сол себепті біздер оны өзіміздің мойнымызға аламыз, как положено. Өзіміздің ақшамызбен как положено сосын сіздерге қайтып қондырып берейік деді. Гарантийный срогы бар. 24 ай. Марттың аяғына дейін комплектующийлері келіп, біздер олардың бәрін қайтадан сіздерге орындап береміз деп тұр.