Русский Сайттың толық нұсқасы

«Бәйтерек» монументы 5 ай жөндеуден кейін қайта ашылды

  • AstanaTV
  • 15 маусым 2017
  • 7875

Елорда символы «Бәйтерек» монументі 5 айлық жөндеуден кейін есігін қайта айқара ашты. 15 жыл күрделі жөндеу көрмеген монумент жаңартылып, жаңа кейіпке енген. Едені таза мәрмәрдан төселсе, шардың әйнектері «хамелеондай» құбылатын болады. Металл конструкциялары да антикоррозиялық жабынмен өңделіп, боялған. Ал келушілерді енді төбеге ілінген самрұқ құс үлгісіндегі аспалы шам тәнті ететін болады. Мүмкіндігі шектеулі жандарға ыңғайлы болу үшін арнайы лифт орнатылған. Келушілер билетті терминалдан сатып алуына болады. Енді оның бағасы ересектер үшін баяғыдай 500 теңге емес, 700 теңге. Балалар билеті де 150 теңгеге қымбаттаған. Енді 300 теңге.