Русский Сайттың толық нұсқасы

«Даму» қоры 30 мыңға жуық кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсеткен

  • AstanaTV
  • 16 маусым 2017
  • 3068

«Даму» қоры соңғы 10 жылда 30 мыңға жуық кәсіпкерге қаржылай қолдау көрсеткен. Бұл туралы 10-шы Астана экономикалық форумындағы сессия барысында айтылды. Жиынға еліміздің бизнес төңірегіндегі өкілдерінен өзге, шетелдік сарапшылар да келді. Қордың басты жаңалығы - 2018 жылға қарай қызмет көрсетуді толық электронды форматқа өткізбек. Бұл бағытта «Даму» қоры дамудың бірнеше бағытын айқындап қойған.

Дәл осындай жиындар сәтті жұмыс нәтижесін саралап қана емес, өзара тәжірибе бөлісуге де зор мүмкіндік береді. «Даму» қоры қазірдің өзінде дамудың бірнеше нақты бағытын әзірлеп қойыпты. Солардың бірі - қызмет көрсетуді толық автоматтандыру. Оны «Сандық Қазақстан» бағдарламасы аясында келер жылдан қалдырмай іске қосу жоспарланып отыр. Қордың басшысы Абай Сарқұловтың сөзінше, тұрғындарды шағын қаржыландыруға да көңіл бөлінбек.

Абай Сарқұлов, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы:

Бізде шағын несие пайдаланатын 200 мыңға жуық кәсіпкер бар. Бұл 1 млн көлеміндегі заим. Олар ақшаны алысымен келесі күні -ақ кәсіпкерлік ашуға дайын. Ол наубайхана болсын, шаштараз болсын, әйтеуір, қызмет көрсету мен өндіріс саласы. Осылайша біз негізі екі бағытта жұмыс істейміз. Алғашқысы тұрғындарды кәсіпкерлікке тарту болса, екіншісі жұмыссыздықты жою болып табылады.

Мамандардың сөзінше, бүгінде 900 мың кәсіпкер қаржылық қызметті пайдаланады. Ал, «Даму» қоры 30 мың кәсіпкерді қамтып отыр. Жақын арада бұл көрсеткішті 100 мыңға дейін арттыру көзделген. Қолдау көрген кәсіпорындар тек былтырдың өзінде 4 трлн.теңгеге тауар өндірген. Бұл көрсекішті одан әрмен арттыру үшін де бүгін шетелдік сарапшылармен бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Ахмет Акдаг, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау ұйымының вице-президенті (Түркия):

Біз кәсіпкерлерді бизнес жоспарды қалай құру қажеттігі жөнінде үйрететін бағдарламалар дайындаймыз. Сондай - ақ жоо оқытушылары мен сауда-өндіріс саласы мамандарын дәріс оқуға шақырып отырамыз. Кәсіпкерлер өз бизнесінде ғылым мен техникада ең үздік әрі заманауи жолды пайдалнғандары үшін де марапатталып отырады. 

Абай Сарқұлов, "Даму" кәсіпкерлікті қолдау қоры" АҚ басқарма төрағасы:

Түркия мен Малайзияның ұсыныстарын айтар болсақ, олар институттармен жұмыс жүргізуді көздеп отыр. Оған көз қарасымыз түзу болуы керек. Сол институттармен тығыз жұмыс істеу туралы бізге кеңес берді. 

Қазақстандық кәсіпкерлерді мемлекеттік қолдау мақсатында "Даму" қоры мен халықаралық ұйымдар арасында меморандумдар мен келісімдерге қол қойылды.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ